• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 1 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

01.05.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен дәріптеу және жастардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында «Өзіңнен баста» тақырыбында мемлекеттік жас қызметшілер мен жастар арасында облыстық дебаттық турнир өтті.

Ауқымды шара облыстық жастар ресурстық орталығында бастау алып, мазмұнды пікірсайыстар мен тартысты ой додасынан кейін Достық үйі ғимаратында өз мәресіне жетті. Турнирге «Republic», «Алаш Prime», «Әділдік альянсы», «Әділет Легионы», «Азат», «АМАНАТ», «Нысана», «Әділетті Қазақстан» командалары қатысып, заң үстемдігі, тәртіп мәдениеті және азаматтық жауапкершілік тақырыптарын кеңінен қозғап, өзара білім мен шешендік шеберлікте бақ сынады.

Финалдық кезеңде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Фархат Иманғалиев және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирамкүл Бибітова сөз сөйлеп, іріктеу кезеңдерінде үздік нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алған екі командаға сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Уалихан Ибраев сөз сөйлеп, жастардың қоғамдағы белсенді рөлі мен заңға құрметтің маңыздылығына тоқталды.
— Даңқты қолбасшы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы өзінің даналығында «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп, тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын терең әрі дәл бейнелеп берген. Бұл даналық сөздің астарында үлкен тағылым жатыр. Тәртіпке бағыну – әлсіздіктің емес, керісінше, саналы азаматтың парасаттылығы мен жауапкершілігінің белгісі. Заң мен тәртіпті құрметтеген ел ғана еңселі, бірлігі бекем, болашағы баянды мемлекетке айналады. Әрқайсыңыз өз ортаңызда заң мен тәртіптің жаршысы болып, өзгелерге үлгі көрсете білсеңіздер, еліміздің болашағы баянды болары анық, — деді Уалихан Серікұлы.

Турнирдің әділ өтуіне Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Фархат Иманғалиев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Мирамкүл Бибітова және «Бедел» ораторлықты дамыту орталығының директоры Айжан Орынбасар қазылық етті.

Тартысты өткен финал қорытындысы бойынша І орынды «АМАНАТ» командасы иеленді, ІІ орын «Нысана» командасы ІІІ орын «Алаш Prime» командасына бұйырса, IV орынды «Republic» командасы еншіледі.

Аталған дебаттық турнир жастардың сыни ойлау қабілеті мен шешендік өнерін дамытуға серпін беріп, олардың қоғамдағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және заң мен тәртіпке деген құрметін арттыруға ықпал етті.

Алдыңғы пост

САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ
  • САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ
  • «ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
  • Анасын қорғаймын деп өз әкесінің қолынан қаза тапты
  • ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА «ӨЗІҢНЕН БАСТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ

САПА КЕРУЕНІ: АСФАЛЬТ-БЕТОН ЗАУЫТТАРЫ ӨНДІРІСТІ ҰЛҒАЙТТЫ

«ҚАЗАҚСТАН – ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Анасын қорғаймын деп өз әкесінің қолынан қаза тапты

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҚҰМ БЕТКЕЙДЕГІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі