• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 19 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Бизнес
Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр

Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр

19.05.2026
айдар: Бизнес
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін Қазалы қаласындағы «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеңілдетілген несие алып, жылыжай шаруашылығын қолға алған кәсіпкерлердің жұмысымен таныстық.

Алдымен жеке кәсіпкер Піржанов Әділжанның жылыжай кешеніне бардық. Кәсіпкер 2025 жылдың тамыз айында жалпы құны 5,0 млн теңгені құрайтын жобасын іске қосқан. Бүгінде жылыжайда қияр мен қызанақ өнімдері өсірілуде. Алғашқы өнімдерін алып отырған кәсіпкердің өнімдері халықтың сұранысына ие. Жоба аясында 1 тұрақты жұмыс орны құрылған.

Мұнан соң жеке кәсіпкер Тілеуов Ерболаттың жылыжай жұмысымен таныстық. Кәсіпкер 2026 жылдың шілде айында құны 9,6 млн теңге болатын жобасын іске қосқан. Жылыжайда қияр өнімдері өсірілуде. Биыл кәсіпкер екінші жыл қатарынан өнім алып, алдағы уақытта кәсібін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда екі кәсіпкердің де өнімдері халықтың сұранысына ие болып, Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының тұрғындарын сапалы көкөніс өнімдерімен қамтып отыр.

Кездесу барысында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін айтып, кәсібін кеңейтуге ниетті азаматтарға тиісті көмек берілетіндігін жеткіздік. Сондай-ақ кәсіпкерлердің бастамаларына сәттілік тіледік.

Өз кезегінде кәсіпкерлер мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауларға ризашылықтарын білдіріп, бүгінде сол мүмкіндіктің арқасында кәсібін дөңгелетіп отырғандарын жеткізді.

Айта кету керек, «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Бүгінге дейін ауданда жоба аясында 200-ден астам азамат өз кәсібін бастап, халыққа қажетті өнім өндіру арқылы өңір экономикасының дамуына үлес қосып келеді. Мемлекет тарапынан 2023 жылдан бері аталған жобаларды жүзеге асыруға 1 млрд, 581 млн. теңге қаржы бөлінген.

Алдыңғы пост

ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр
  • ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
  • ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «НҰРДӘУЛЕТ» БОУЛИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
  • АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ИІРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр

ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «НҰРДӘУЛЕТ» БОУЛИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ИІРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА “ҰРПАҚҚА ҰРАН БОЛҒАН ҰЛЫ ЖЕҢІС” АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі