• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 20 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экономика
Алмасбек Есмаханов: Мемлекеттік рәміздерге немқұрайлыққа жол жоқ

Алмасбек Есмаханов: Мемлекеттік рәміздерге немқұрайлыққа жол жоқ

20.05.2026
айдар: Экономика
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
5
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов төрағалық етті.
Отырыста мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану және насихаттау бағытында атқарылған жұмыстар мен мемлекеттік мекемелерде жүргізілген зерделеу нәтижелері қаралды.
Комиссия барысында аудан әкімі мемлекеттік рәміздерді қолдануда бірқатар заңбұзушылықтар мен кемшіліктер анықталғанын атап өтіп, жауапты мекемелердің жұмысын сынға алды. Атап айтқанда, кейбір ауылдық округ әкімдіктері мен мәдениет үйлерінде мемлекеттік рәміздерді ауыстыру және жою жөніндегі тұрақты комиссиялар құрылмағаны, тиісті құжаттардың рәсімделмегені және ескірген нормативтік құжаттардың қолданылғаны белгілі болды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында да мемлекеттік рәміздерге қатысты талаптардың сақталмау деректері анықталған. Кейбір мектептерде мемлекеттік Тудың жыртылғаны, Елтаңба мен Ту орналастырылған тұғырлардың бүлінгені, ақпараттық стендтердегі жазулардың талапқа сай еместігі және мемлекеттік рәміздердің толық орналастырылмағаны белгілі болды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына қатаң ескерту жасап, анықталған кемшіліктерді шұғыл түрде қалпына келтіруді тапсырды. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздердің техникалық жағдайына тұрақты бақылау жүргізу, заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету, тоқсан сайын зерделеу жұмыстарын ұйымдастыру және мұндай кемшіліктердің қайталануына жол бермеу бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Комиссия отырысының нәтижесінде аудандық қоғамдық даму бөліміне тиісті хаттамалық тапсырмалар әзірлеу тапсырылды.

Алдыңғы пост

Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Алмасбек Есмаханов: Мемлекеттік рәміздерге немқұрайлыққа жол жоқ
  • Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр
  • ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
  • ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «НҰРДӘУЛЕТ» БОУЛИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
  • АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ИІРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Алмасбек Есмаханов: Мемлекеттік рәміздерге немқұрайлыққа жол жоқ

Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр

ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «НҰРДӘУЛЕТ» БОУЛИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

АУДАН ӘКІМІ АЙТБАЙ ЖАНДАРБЕКОВ ИІРКӨЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БІР КҮНДЕ 600 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі