Алматы облысында өртенген ер адамның мәйіті табылып, оның Алматы қаласы ішкі істер органдарының қызметкері екені анықталды.
Оқиға 23 маусым күні Кеген ауданында тіркелген. Кеген асуы маңындағы Көкпек – Көктал – Кеген автожолынан шамамен 400 метр жерден мәйітті мал іздеп жүрген жергілікті шопан байқап қалған.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олардың арасында марқұмның жұбайы мен ұлы да бар. Қазіргі уақытта барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

