Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бағытында жедел-іздестіру шараларын тұрақты түрде жүргізіп келеді.
2026 жылғы маусым айында Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Түркістан облыстарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 15 шетел азаматы ұсталды.
Жалпы, жыл басынан бері шекара заңнамасын бұзған 100 адам қолға түсіп, заңсыз көші-қонды ұйымдастырған 25 арна жойылды.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабы негізінде 178 қылмыстық іс қозғалды.

