Астанада азаматтарды алдап, олардың атына автокредит рәсімдеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне сот үкімі жарияланды. Тергеу мәліметінше, топ құрамында 10-нан астам адам болған.
Күдіктілер тұрғындарға 1 миллионнан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы береміз және несиені өзіміз төлейміз деп уәде етіп, олардың атына автокөлік алуға несие рәсімдеткен. Кейін сатып алынған көліктер үшінші тұлғаларға заңсыз сатылып, олардың бір бөлігі Қазақстаннан тыс жерлерге шығарылған.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған қылмыстық схеманың салдарынан 100-ден астам азамат жәбірленуші ретінде танылды. Жалпы саны 165 автокөлік заңсыз жолмен рәсімделгені анықталған.
Сот шешімімен қылмыстық топ мүшелері кінәлі деп танылып, әрқайсысы жасаған әрекетінің ауырлығына қарай 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

