Көкшетау маңында аңшылық кезінде адам қаза болғаны туралы ақпарат тарады.
Polites News мәліметінше, оқиға Ақмола облысы аумағындағы Қызылтан ауылының маңында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, алты адамнан құралған топ «Көкшетауское» және «Туполевское» аңшылық шаруашылықтарының аумағында болған.
Аңшылар елікке қаумалап аң аулау кезінде бір қатысушының оғынан екінші аңшы жарақат алып, қаза тапқаны хабарланды.
Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.
Ақмола облысының полиция департаментінен оқиғаға қатысты ресми ақпарат күтеміз.
Оқиғаның нақты себептері мен өзге де мәліметтер полицияның ресми түсіндірмесінен кейін белгілі болады.

