• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 3 ноября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
«47 КҮННІҢ ІШІНДЕ ЕКІ ҚЫЗМЕТКЕР КӨЗ ЖҰМДЫ»

«47 КҮННІҢ ІШІНДЕ ЕКІ ҚЫЗМЕТКЕР КӨЗ ЖҰМДЫ»

03.11.2026
айдар: Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
714
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Көкшетауда облыстық соттың екі қызметкерінің араға бір жарым айға жуық уақыт салып қайтыс болуы қоғам назарын аударды. Алдын ала мәлімет бойынша, екі оқиға да суицид болуы мүмкін. Марқұмдардың жақын дос болғаны анықталған.

Алғашқы қайғылы жағдай 13 қыркүйекте тіркелген. Сот қызметкері Аян Дүйсековтің денесі өз үйінен табылған. Полиция «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу бастаған. Тексеру барысында марқұмның шамамен 5 миллион теңге қарызы болғаны, құмар ойындарға әуестенгені және отбасылық қиындықтарды бастан өткергені белгілі болды. Алайда оның өлімінің қызметімен байланысы анықталмай, қылмыстық іс тоқтатылған.

Арада 47 күн өткенде, 30 қазанда облыстық соттың ішкі қауіпсіздік бөлімінде жұмыс істеген Ақан Дайыркеннің денесі көпқабатты үйдің жертөлесінен табылды. Ол Аянның жақын досы болған әрі қыркүйектегі қайғылы оқиға кезінде оның денесін алғаш тапқандардың қатарында жүрген.

Әріптестерінің айтуынша, досының қазасынан кейін Ақанның көңіл күйі өзгеріп, тұйықтала бастаған. Кейін оның психиатр маманға жүгінгені белгілі болды. Тергеу кезінде жақындарынан кешірім сұраған жазбасы да табылған.

Бір мекемеде еңбек еткен, бір-бірімен жақын араласқан екі азаматтың қысқа уақыт ішінде көз жұмуы кездейсоқтық па, әлде оқиғалар арасында байланыс бар ма?

Мамандар мұндай жағдайларды талдағанда бір адамның қайғылы қазасы өзге осал жағдайдағы адамдарға психологиялық әсер етуі мүмкін екенін ескереді. Бұл құбылыс ғылымда «Вертер әсері» деп аталады. Дегенмен аталған екі өлімнің арасында тікелей байланыс бар екені дәлелденген жоқ.

Екінші оқиғаның нақты мән-жайы тергеу барысында анықталмақ.

Алдыңғы пост

«ЭКСТРЕМИЗМ — ҚОҒАМ БІРЛІГІ МЕН ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ТӨНГЕН ҚАУІП!»

Келесі пост

ҚАЗАҚСТАНДА КІМДЕР НЕСИЕСІНІҢ ЖАРТЫСЫН ҒАНА ТӨЛЕЙ АЛАДЫ?

Келесі пост
ҚАЗАҚСТАНДА КІМДЕР НЕСИЕСІНІҢ ЖАРТЫСЫН ҒАНА ТӨЛЕЙ АЛАДЫ?

ҚАЗАҚСТАНДА КІМДЕР НЕСИЕСІНІҢ ЖАРТЫСЫН ҒАНА ТӨЛЕЙ АЛАДЫ?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

seventeen − 7 =

Соңғы жаңалықтар

  • «ЖАТА БЕРСІН, ШІРІП» 16 ЖАСТАҒЫ СТУДЕНТТІҢ ӨЛІМІ СОТТА ҚАРАЛУДА
  • ҚАЗАҚСТАНДА КІМДЕР НЕСИЕСІНІҢ ЖАРТЫСЫН ҒАНА ТӨЛЕЙ АЛАДЫ?
  • «47 КҮННІҢ ІШІНДЕ ЕКІ ҚЫЗМЕТКЕР КӨЗ ЖҰМДЫ»
  • «ЭКСТРЕМИЗМ — ҚОҒАМ БІРЛІГІ МЕН ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ТӨНГЕН ҚАУІП!»
  • «ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ ЖӨНДЕЛГЕН ЖОЛ»: 78 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«ЖАТА БЕРСІН, ШІРІП» 16 ЖАСТАҒЫ СТУДЕНТТІҢ ӨЛІМІ СОТТА ҚАРАЛУДА

ҚАЗАҚСТАНДА КІМДЕР НЕСИЕСІНІҢ ЖАРТЫСЫН ҒАНА ТӨЛЕЙ АЛАДЫ?

«47 КҮННІҢ ІШІНДЕ ЕКІ ҚЫЗМЕТКЕР КӨЗ ЖҰМДЫ»

«ЭКСТРЕМИЗМ — ҚОҒАМ БІРЛІГІ МЕН ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНА ТӨНГЕН ҚАУІП!»

«ҚАҒАЗ ЖҮЗІНДЕ ЖӨНДЕЛГЕН ЖОЛ»: 78 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

«ГРАНТҚА ТҮСІРЕМІН, ДИПЛОМ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕМІН»: БІРНЕШЕ АДАМ АЛАЯҚТЫҚ ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі