Астанада жоғалған әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Астана қаласының жанындағы Жібек Жолы ауылында тұрған 42 жастағы Баян Алтынбекованың мәйіті табылды. Ол 3 қаңтар күні таңғы сағат алты шамасында үстіне ақ тоны мен қара көйлегін, аяғына қара етігін киіп, үйінен шығып кетіп, оралмаған.
Қайғылы хабарды Астананың «LIDER.KZ» еріктілер тобының адамдары мәлімдеді.
«Өкінішке қарай, Баянның мәйіті табылды. Оның нақты неден көз жұмғанын сараптама көрсетеді. Жақындары мен отбасына көңіл айтамыз», – деп жазған еріктілер.