Ақмола облысының Аршалы кентінде қайғылы оқиға болды. Мас күйде көлік тізгіндеген ер адам өз әйелін қағып кеткен.
Полицияның мәліметінше, әйел алған ауыр жарақаттарының салдарынан көз жұмған.
Көлік жүргізушісі қамауға алынды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

