Дубай шоколадын «сатқан» күдікті 3 жылға сотталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Астанада дубай шоколадын сатамын деп адамдарды алдап, ақша жымқырған адам ұсталды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының мәліметінше, күдікті 10 жәбірленушінің жалпы сомасы 301 020 теңге ақша қаражатын қалтасына басқан.
Прокурор 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұраған. Ал қорғаушы тарап болса бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің айғақтарымен, банктік аударымдармен және қылмыстық іс материалдарымен дәлелденді. Сот үкімімен А. ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды, делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.