Елімізде 1 ақпаннан бастап электр энергиясы қымбаттайды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Келер айдан бастап Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін.
Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлімдеді.
» Электр бағасын көтерудегі негізгі мақсат — өндірістік мамандардың жалақысын арттыру. Былтыр орташа жалақы 18%-ке артып, 425 мың теңге болды. Ал биыл 15-20%-ке ұлғайту жоспарлануда, бұл орайда жалақы орташа есеппен 490 мың теңгеге көтеріледі.
Энергетика секторында білікті маман тапшы. Энергетика кәсіпорындарында 4,5 мың маман жетіспейді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қызметкерлердің нақты саны 52,5 мың адам болды. Жалақыны ұлғайту саладағы мамандарды тартуға және ұстап қалуға бағытталған», — деп хабарлады энергетика министрлігі.