Көлігімен адам қағып өлтірген полицейге қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Полиция қызметкері жаяу жүргіншіні көлігімен қағып өлтірген. Қайғылы жағдай Батыс Қазақстан облысындағы Меловые горки ауылының маңында болған.
Мой город басылымының мәліметінше, көлікті айдап келе жатқан адам — Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон қызметінің қызметкері. Оның өз аймағынан тысқары жерге баруға рұқсаты болмаған.
Бүгінле Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі, (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет – белгілi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.