Алакөлде 25 балықшы тұрған мұз жарылып кеткен, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Жетісу облысы Алакөл көлінде балықшылар тұрған мұз сынып кеткен. Оқиға орнына дер кезінде ТЖМ қызметкерлері барып, адамдарды аман-есен жағаға жеткізді.
Құтқарылған азаматтарға медициналық көмек қажет болмаған.
«ТЖМ қатпаған мұзға шығудан бас тартуды ұсынады және қауіпті әрекеттерден сақтануға кеңес береді. Балық аулау сенің өміріннен қымбат емес», — делінген хабарламада.