Дулат Исабеков Мағауиннен кешірім сұрады, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Жазушы Дулат Исабеков Мағауиннің аруағынан кешірім сұрап, қайтыс болуына байланысты пікір білдірді.
Бұл туралы жазушы “Хабар” телеарнасының “7 күн” сараптамалық бағдарламасына берген сұхбатында баяндады.
Мұхтар Мағауиннің қазасын естігенде отырып қалдым. Ойпырым-ай, кеше ғана сау адам сияқты еді, екеуіміз айтысып жүр едік қой. Бұл қалай болғаны? Тіршілігіңде өлмейтіндей жүреді екенсің…
Қайтыс болады деген ойымда жоқ еді. Кейде Мұхаңды “Әй, менен кейін қайтыс болатын шығар” деп ойлайтынмын, деді жазушы Д.Исабеков.
Сондай-ақ, ол Мұхтар Мағауинмен баспасөз бетінде айтысқанын еске түсіріп, жазушының әруағынан кешірім сұрады.
“Ал, айналайын, Мұха! Артық айтып қойған болсам, әруағың кешірсін. Артық айтқан ешнәрсем жоқ сияқты деп ойлаймын. Егер де солардың бірін артық деп санасаң, кешірім сұраймын! Қазақ халқы үшін үлкен олжа қалдырып кеттің. Өзің кеттің, артыңда Мұхтар деген атың, шығармаларың мәңгілік қалды”, деді Дулат Исабеков.