Қазақстанның 13 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
«Қазгидромет» мәліметтері бойынша, бүгін елде қатты қар, боран, желдің күрт күшеюі және температураның айтарлықтай төмендеуі күтілуде.
Ұлытау облысында қар мен боран болжануда. Оңтүстік-батыс желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 30 м/с және одан да жоғары. Жезқазғанда да қатты жел мен боран күтіледі.
Қарағанды облысында оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с, кей аудандарда 28-30 м/с дейін. Қарағандыда — қар және температураның күрт төмендеуі -13…-15°C дейін.
Атырау облысының солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Маңғыстау облысы орталығы мен солтүстік-шығысында тұман және көктайғақ күтілуде.
БҚО-ның солтүстік-шығысында желдің күші 20 м/с дейін күшейеді.
ШҚО (Семей, Өскемен) Қар, көктайғақ және желдің күші 25 м/с дейін.
Алматы облысы таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, жолдарда қар тығыны күтілуде. Алматы мен Қонаевта қар, көктайғақ және желдің күші 23 м/с дейін.
Жамбыл облысында (Тараз) алың тұман, көктайғақ және боран. Желдің күші 30 м/с дейін. Температура -11…-13°C дейін төмендейді.
Солтүстік Қазақстан облысында (Петропавл) боран, желдің күші 23 м/с дейін. Температура -25…-27°C дейін төмендейді.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр мен қар), көктайғақ және тұман. Желдің күші 30 м/с дейін, Алакөл көлдерінде — 30 м/с артық. Температура -10…-25°C дейін төмендейді.
Қызылорда облысында қар, боран және желдің күші 28 м/с дейін. Түнде температура -15…-20°C дейін төмендейді.
Тұрғындарға сақтық шараларын сақтауды, алыс сапарларға шықпауды және ауа райы болжамдарын қадағалауды ұсынамыз.