Дене бөліктері қаптарға салынып карьерге тасталып, ал басы мәйіт танылмас үшін тоңазытқышта сақталған, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
23 қаңтарда Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында «бөлшектеуші ісі» бойынша процесс басталды. Сотталушылар орындығында – Константин Панаскин мен Михаил Лукин.
RATEL.KZ мәліметінше, айыптау актісінде көрсетілгендей, өткен жылдың 25 қыркүйегінде Хромтау қаласында түн ортасында Панаскин Лукинің үйіне келеді. Сол уақытта Лукин досы Денис Кузьменкомен бірге ішімдік ішіп отырған болатын. Үшеуі бірге ішуді жалғастырады.
Түнгі сағат екі жарым шамасында, айыптауға сәйкес, Кузьменко мен Панаскин жанжалдасып қалады. Себебі – Панаскин алып қойған деп күдіктелген шылым тұтатқыш. Ұрыс кезінде Кузьменко Панаскинге «Мен саған дәлелдеп беремін, сен қояншықсың» деген сөз айтады. Панаскин бұл сөзді қорлау деп санап, үстел басында отырған Кузьменконы жұдырықпен бірнеше рет ұрады.
Содан кейін, айыптау нұсқасына сәйкес, Панаскин ас үй үстелінен пышақ алып, оның қауіптілігін түсіне отырып, Кузьменконың іш аймағына бір рет соққы жасайды. Кузьменко осы соққыдан қайтыс болады. Бұдан кейін Лукин мен Панаскин пәтерден қашып кетеді.
Ертеңінде, түнгі сағат үш шамасында, Лукин қайтадан пәтерге оралып, кісі өлтірудің іздерін жасыру үшін Кузьменконың денесін ас үйден жуынатын бөлмеге сүйреп апарады. Ол денені ваннаға салып, ас үй пышағымен марқұмның денесін бөлшектейді. Қолдары мен аяқтарын сөмкеге салып, оны «Гигант» карьерінің маңына апарып тастайды.
Қалған дене бөліктері мен басын Панаскин пакеттерге салып, өзінің тоңазытқышына салып қойған. Айыптауға сәйкес, бұл мәйіттің шіруінен пайда болатын жағымсыз иісті болдырмау үшін жасалған. Бұдан кейін Панаскин ваннаны қан мен мәйіттің қалдықтарынан тазарту үшін еріткіш пайдаланған.
Панаскинге ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша («Адам өлтіру»), ал Лукинің үстінен ҚР ҚК-нің 432-бабы («Ауыр қылмысты жасыру») бойынша айып тағылды. Лукин өз кінәсін мойындады. Ал Панаскин кінәсін мойындамады және істі алқабилер соты қарауын талап етті.