Оқушыны шегемен нұқып өткен мұғалім жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Павлодардағы мектептердің бірінде мұғалім тақтада тұрған оқушыны шегемен нұқып өткен. Педагогтың бұл әрекеті бақылау камерасына түсіп қалған. Білім ұясына дереу полиция қызметкерлері шақырылған.
Павлодар қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 26 орта мектепте болған.
Мектеп медбикесі мен жедел жәрдем қызметкерлері баланы тексерін, денесінде ешқандай жарақат жоғын айтқан.
«Педагог өз әрекетіне өкініп, баланың ата-анасынан кешірім сұрады», – деді білім бөлімінен.
Қазір мұғалім жұмыстан шығарылған. Істі полиция бақылауға алды.