• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Павлодарда хирург 5 жасар баланың жыныс мүшесінің бір бөлігін қателесіп кесіп жіберген: іс сотқа жіберілді

Павлодарда хирург 5 жасар баланың жыныс мүшесінің бір бөлігін қателесіп кесіп жіберген: іс сотқа жіберілді

31.01.2025
айдар: Қоғам, Қылмыс
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
72
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Павлодарда бес жасар баланың жыныс мүшесінің үштен бірі қателесіп кесілген, ал несеп жолына зақым келген, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Оны сүндеттеу операциясы кезінде жасаған деп балалар хирургі айыпталуда. CMN.KZ бұл оқиға бойынша қылмыстық істің қазіргі жай-күйін Павлодар қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен білді.

Оқиға 2023 жылдың тамызында болған. Қалыпты саналған сүндеттеу операциясынан кейін баланың жағдайы ауырлап кеткен. Оны тез арада Нұр-Сұлтандағы Ана мен бала орталығына жіберуге мәжбүр болды. Сол уақытта хирургке қатысты қызметтік тергеу басталып, ол ота жасаудан уақытша шеттетілді.

Жәбірленушінің анасы болған жағдайды жергілікті Telegram-арна kerek.pv арқылы толық баяндап берді. Оның айтуынша, баласының жыныс мүшесінің үштен бірі кесіліп, несеп шығару каналы зақымданған. Анасы бұл жағдайды дәрігердің қателігі деп санады. Кейінірек оның күдігі расталды.

«Сүндеттеу кезінде жіберілген қателік үшін хирургке қатаң сөгіс берілді және оны екі ай мерзімге операциялардан шеттетті. Кейін дәрігер өз еркімен жұмыстан шықты», – деп хабарлаған еді pavon.kz порталы 2023 жылдың қараша айында, облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Біраз уақыт өткен соң хирургке қарсы қылмыстық іс қозғалды. Іс материалдары 2025 жылдың қаңтарында сотқа жіберілді. Павлодар сотының өкілдері CMN.KZ тілшісіне басты сот процесінің жақын арада басталатынын растады. Қазіргі таңда алдын ала тыңдаулар өтуде. Алайда, бұл баланың құқығын қорғау мақсатында жабық режимде қаралып жатыр.

Айта кетсек, 2024 жылдың 2 ақпанында Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай сүндеттеу операциясынан кейін 10 жасар бала қайтыс болды.

Фото: freepik.com

Tags: Павлодарсотхирург
Алдыңғы пост

Түркістан облысының тұрғыны есірткі өсіру үшін өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған

Келесі пост

«60 метрлік краннан секірмек болған»: Астанада полицей суицид жасамақ болған адамды құтқарып қалды

Келесі пост
«60 метрлік краннан секірмек болған»: Астанада полицей суицид жасамақ болған адамды құтқарып қалды

«60 метрлік краннан секірмек болған»: Астанада полицей суицид жасамақ болған адамды құтқарып қалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі