• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 19 августа, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
ШҚО-да арнайы мектептен қашқан жасөспірімдер даладағы дәретханада қолдарын үсітіп алды

ШҚО-да арнайы мектептен қашқан жасөспірімдер даладағы дәретханада қолдарын үсітіп алды

06.02.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
21
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

ШҚО-да арнайы мектептен қашқан жасөспірімдер даладағы дәретханада қолдарын үсітіп алды, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Шығыс Қазақстан облысы, Серебрянск қаласындағы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектептен төрт тәрбиеленуші қашып кетті.

9-10 сыныптың оқушылары өрт шығу есігін бұзып, мектеп аумағынан шығып кеткен. Бірнеше сағат өткен соң, әлеуметтік желілерде олардың тоңып, көмек сұрап жатқан видеосы пайда болды. Жасөспірімдер қоғамдық дәретханада жасырынған, олар суықтан қолдарының үсігенін айтып, көмекке шақырған. Қашқын балалардың үстінде қыстық сырт киім мен қолғап болмаған.

Аязда олар үш сағаттай отырған. Кейін барлығын дәрігерлер тексеруге алып кетті, олардың екеуінде үсік белгілері анықталған.

Әлеуметтік желі қолданушылары оқушылардың қашуына мектеп қызметкерлерінің қатыгез қарым-қатынасы, сонымен қатар тәрбиеленушілерге көрсетілетін қорлық пен мазақ себеп болуы мүмкін деп болжап отыр.

Оқиғадан кейін облыстық білім басқармасы мен өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл баспасөз жиынын өткізді. Қазіргі уақытта екі тәрбиеленуші мектеп өкілі мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен түсініктеме беріп жатыр.

«Бұл – жабық типтегі мекеме, мұнда шектеулі кеңістікте қалу балалар үшін оңай емес», – дейді өңірлік омбудсмен Ақсана Каленова.

Оның айтуынша, бұған дейін арнайы мектепке қатысты ешқандай шағым түспеген. Желтоқсан айында анонимді сауалнама жүргізілгенімен, ешбір тәрбиеленуші зорлық-зомбылық туралы хабарламаған.

«Қашып кеткен балалардың ата-аналары бала құқықтары жөніндегі уәкілге тікелей жүгінуге құқылы. Алайда олар әзірге байланысқа шыққан жоқ», – деді Каленова.

Сонымен қатар, ол балалардың мектептен қашу фактісінің өзі олардың құқықтарының бұзылғанын білдіруі мүмкін екенін атап өтті. Қазіргі таңда оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, өткен қараша айында Павлодар облысындағы балалар үйінде зорлық-зомбылық оқиғалары жиілегені туралы хабар тараған еді.

https://kaztoday.kz/wp-content/uploads/2025/02/WhatsApp-Video-2025-02-06-at-21.49.12.mp4
Tags: аязБалаларШҚО
Алдыңғы пост

Ақтауда 250 мұнайшы жұмыссыз қалып, наразылыққа шықты

Келесі пост

30 миллион жымқырған: Алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Келесі пост
30 миллион жымқырған: Алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

30 миллион жымқырған: Алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «Орталық – Батыс» жобасы бақылауда
  • Қызылордада TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды
  • Тоқаев қатаң тапсырма берді: аурухана мен балаларды оңалту орталықтары жедел салынады
  • «Барнидан» басталған жанжал: 19 жастағы Мадинаның өлімі тергелуде
  • Бес жасар баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«Орталық – Батыс» жобасы бақылауда

Қызылордада TikTok-та балағат сөз айтқан ер адам 60 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Тоқаев қатаң тапсырма берді: аурухана мен балаларды оңалту орталықтары жедел салынады

«Барнидан» басталған жанжал: 19 жастағы Мадинаның өлімі тергелуде

Бес жасар баланың өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Бір жәшік – бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі