• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 31 мая, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
Димаш Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысады

Димаш Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысады

21.02.2025
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
21
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Димаш Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күреске атсалысады, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали Қазақстанның халық әртісі, халықаралық деңгейдегі әнші, композитор және мультиинструменталист Димаш Құдайбергенмен кездесті.

Агенттік хабарламасында айтылғандай, кездесу барысында Асхат Жұмағали қонақты елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралармен, ашықтықты арттыруға және заңдылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған заманауи әдістермен таныстырды. Сондай-ақ, агенттіктің елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін негізгі бағыттарын баяндады.

Асхат Жұмағали өнердің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның айтуынша, өнер адалдық пен әділдікке тәрбиелеп, адамдардың дүниетанымына әсер етіп, парасаттылық қағидаттарын нығайтуға ықпал етеді. Антикор төрағасы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру үшін алдын алу және профилактикалық жұмыстарға ерекше назар аудару қажеттігін баса айтты.

Өз кезегінде Димаш Құдайберген агенттік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қолдау білдіріп, болашақ ұрпақтың жарқын болашағы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қосуға дайын екенін жеткізді.

Кездесу барысында тараптар қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидаттарын насихаттауға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Бұл бастамалар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге және мәдени-ағартушылық шаралар арқылы парасаттылық қағидаттарын кеңінен таратуға бағытталмақ.

Tags: Димашсаясатсыбайлас жемқорлық
Алдыңғы пост

«Мені мүгедек қылды, бірақ әлі ешкім жазаланған жоқ»: Алматылық әйел полицияның әрекетсіздігіне шағымданды

Келесі пост

Әлихан Смайылов: Бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды

Келесі пост
Әлихан Смайылов: Бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды

Әлихан Смайылов: Бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • 2026 жылдан бастап барлық жолдар ақылы болады
  • Қазақ тазысына қатысты патент жарамсыз деп танылды
  • Құлсарыдағы жарылыстан кезекшілікте болған ерлі-зайыптылар қаза тапты
  • Джеки Чан каратэден қара белбеу иегері атанды
  • Атыраулық әйел енесін өлтірді деген күдікке ілінді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

2026 жылдан бастап барлық жолдар ақылы болады

Қазақ тазысына қатысты патент жарамсыз деп танылды

Құлсарыдағы жарылыстан кезекшілікте болған ерлі-зайыптылар қаза тапты

Джеки Чан каратэден қара белбеу иегері атанды

Атыраулық әйел енесін өлтірді деген күдікке ілінді

«Бұрынғы сүйіктім министр болған»: Танымал трансгендер Никонет жеке өмірі жайлы айтты

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі