• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 19 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Руханият
CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

19.04.2026
айдар: Руханият
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
8
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін Қызылорда облысында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – бір ұғым» атты жалпыхалықтық акциясы өтті.

Өңірдегі тарихи-мәдени ескерткіштер, киелі орындар мен көпшілік зират ететін барлық аумақтарға көркейту-көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, қоршауларды ретке келтіру, жолдарды тазалау және жөндеу секілді жұмыстар да жүргізілді.

Сауабы мол игі шараға барша облыс тұрғындарымен қатар мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ассамблея, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және жастар белсене қатысты.

Президентіміз «Таза Қазақстан дегеніміз – қоршаған ортаны таза ұстау ғана емес. Әрине, ол да маңызды. Сонымен бірге, бұл – ой-сана тазалығы деген сөз. Жан-дүниесі таза адам қайырымды, мейірімді болады», – деп, жалпыұлттық бағдарлама айналған бастаманың мәнін ашып берді.

Киелі орындарды зират етудің бұрыннан қалыптасқан ережелері бар. Оның ең негізгісі тазалықпен байланысты. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген даналық өткенге құрмет көрсетудің маңызын ұғындырады.

Халқымыздың дүниетанымында қорымдар тек жерлеу орны ғана емес, дүниеден өткендерге құрмет көрсететін, ата-баба рухына тағзым ететін қасиетті жер. Сондықтан кесенелердің, қорымдардың тазалығына, қараусыз қалмауына ерекше мән беріледі.

Осындай тағылымды бастамалар арқылы қоғамда тазалыққа деген жауапкершілік артып, ұлттық құндылықтарымызға құрмет нығая түседі.

Айта кету керек, облыста 72 нысан киелі орындар тізбесіне енгізілген. Қасиетті кесенелерге жергілікті бюджеттен және демеушілердің қолдауымен реставрациялық, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, келушілерге ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында инфрақұрылымдары жақсартылды.
Акция аясында аймақтағы 200-ге жуық қасиетті орындар мен зираттардың аумағын тазалау жұмыстарына 20 мыңнан аса тұрғындар белсенді қатысты.
Бұл бағыттағы игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Алдыңғы пост

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды

Келесі пост

Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

Келесі пост
Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті
  • CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
  • AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды
  • AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда цифрлық жоба бастау алды.
  • Қызылордада өткен «AMANAT IDEATHON» хакатонында үздік жобалар анықталды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда таеквондодан республикалық турнир басталды

AMANAT партиясы қолдауымен Байқоңырда цифрлық жоба бастау алды.

Қызылордада өткен «AMANAT IDEATHON» хакатонында үздік жобалар анықталды

ҚМДБ ескертті: Ислам мен имамдарды қорлағандар жауапқа тартылады.

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі