• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Воскресенье, 26 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экология
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

26.04.2026
айдар: Экология
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
7
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды.
Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыс жайында баяндады.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Таза Қазақстан» акциясы басталған екі жыл ішінде 1,5 мың экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді. Осы уақыт аралығында 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5,5 миллионға жуық тал егілген. Жыл сайын бұл бастамаға 6,5 миллион адам, соның ішінде 780 мың волонтер қатысады.

Министрдің айтуынша, 2021-2025 жылдары орман қорын толықтыру үшін 1 миллионнан аса гектарға 1 648,4 миллион түп көшет отырғызылған. Елді мекендерде бес жыл ішінде 18,4 миллион ағаш егілді. Алдағы уақытта 1 760 мың гектар жерді қамтитын 46 экоаумақ құрылады.

Қызылорда қаласында жаңадан салынған Президент саябағындағы шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департамент, инспекция басшылары мен қызметкерлері, еріктілер, экобелсенділер, жастар ұйымдары және студенттер қатысты.

Акцияға аймақтың аудандарынан, елді мекендерінен 25000 мыңнан астам адам атсалысып, 12 мыңнан астам тал егілді, 325,7 гектар аула тазартылып, 320 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 250-ден астам техника жұмылдырылды.
Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөндеуден өткізілуде.

Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі, Қорқыт ата мемориалды аллеясы жаңғыртылса, Президент саябағы қайта салынды. Онда заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орнатылған. Жалпы 31 гектарға 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көпжылдық гүл егілді.

Қазіргі таңда Президент саябағы аумағында 10 млрд. теңгеге жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері, 5 млрд. теңгеге Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) салынуда. Жақында 9 млрд. теңгеге Сырдария өзені үстінен Президент саябағын қаламен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады.
Бұл жұмыстар барлық ауданда жалғасын тауып, жаңа демалыс орындары, аллеялар айналаның сәнін кіргізді, көшелерге абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары атқарылуда.

Ауылдарда қолайлы орта қалыптастыру, тұрғындарды тазалық шараларына ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіледі. Соңғы үш жылда 2 млрд. 64 млн. теңге бөлініп, үздік елді мекендерге 67 арнайы техника табысталды.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару, оларды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату бағытында «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 98 млрд.700 млн. теңгеге 9 жоба қолға алынған. Жаңақорған ауданындағы қатты қалдықтарды сұрыптау кешені толық қаржыландырылып, құрал-жабдықтары жеткізілді. Қазіргі таңда іске қосылуда. Қалған 8 жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сараптамасынан өткізіліп, қаржыландыру үшін тиісті келісімшарттар жасалуда.

Облыстық бюджеттен 475 млн.теңгеге Сырдария ауданында сұрыптау кешені бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ашылды. Тағы екі жаңа жоба жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді, салалық министрлікке қаржыландыру үшін ұсынылды.
Қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде 10 мыңға жуық контейнер орнатылды. Көпқабатты тұрғын үйлер, ірі сауда орындары, әуежай мен теміржол вокзалы аумақтарында шыны, пластик және қағаз қалдықтарын сұрыптап жинау үшін арнайы экобокстар қарастырылған.

Қызылорда қаласындағы 83 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен жаңартылды, бұл жұмыстар 58 тұрғын үйге 2 млрд. 893 млн. теңгеге бюджет есебінен, 27 тұрғын үйге демеушілік есебінен жасалды. Биыл 900 млн.теңгеге қосымша 21 тұрғын үйдің қасбеттерін қаптау жоспарланған.
Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім беру, ағарту шаралары «Жасыл балабақша»,«Жас эколог»,«Жасыл мектеп», «Табиғат сақшылары» жобалары аясында жүзеге асырылып келеді.

Алдыңғы пост

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ: ПОЛИЦИЯҒА 100 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ
  • ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ: ПОЛИЦИЯҒА 100 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ
  • ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
  • ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСТАР ЖӘНЕ САЙЛАУ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
  • СЫР ӨҢІРІНДЕ ЕГІН АЛҚАБЫНА АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ: ПОЛИЦИЯҒА 100 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ЖАСТАР ЖӘНЕ САЙЛАУ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

СЫР ӨҢІРІНДЕ ЕГІН АЛҚАБЫНА АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ

АЙМАҚТА HARVEST AGRO АГРОИНДУСТРИАЛДЫ КЛАСТЕРІН ҚҰРУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі