• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 28 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҚҰМ БЕТКЕЙДЕГІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҚҰМ БЕТКЕЙДЕГІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

28.04.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Жексенбі күні аудан әкімі Алмасбек Есмаханов Қарақұм беткейінде орналасқан елді мекендер мен мал шаруашылықтарын аралап, олардың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Елді мекендерге жасаған жұмыс сапары барысында Қожақазған, Аққұдық, Тапа, Шилі, Шәкен және Шөлқұм елді мекендеріне арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Аталған аймақтағы халықтың негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Жалпы аудан бойынша 200 мыңнан астам төрт түлік мал болса, соның шамамен 60 пайызы, яғни 120 мыңнан астамы Қарақұм беткейінде шоғырланған. Бүгінде бұл өңірде 235 шаруашылық мал өсірумен айналысып келеді. Бұл – аудан экономикасының маңызды саласының бірі екенін айқын көрсетеді.

Аудан әкімі елді мекендерді аралау барысында шаруалардың жай-күйімен танысып, олардың күнделікті жұмыс барысын көзбен көрді. Сонымен қатар, тұрғындармен пікір алмасып, өзекті мәселелерін тыңдады. Кездесулер барысында бірқатар түйткілді мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, мал суаруға арналған су ұңғымаларын қазу қажеттілігі, Байқоңыр ғарыш айлағына жақын орналасқан шаруашылықтарда жабайы иттердің малға шабуылы, қасқырдың қауіпі, сондай-ақ алдағы уақытта шегірткелердің көбею қаупі сөз болды.

Өз кезегінде аудан әкімі көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынатынын атап өтіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Атап айтқанда, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі, ветеринариялық инспекция және ветеринариялық станция басшыларына мал қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су көздерін көбейту, зиянкестерге қарсы күрес шараларын күшейту және аудандық полиция бөлімі мен елді мекендердегі учаскелік полиция инспекторларына жергілікті жердегі мал ұрлығының алдын алу бойынша тиісті жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Алдыңғы пост

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

Келесі пост

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Келесі пост
ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Анасын қорғаймын деп өз әкесінің қолынан қаза тапты
  • ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА
  • АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҚҰМ БЕТКЕЙДЕГІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ
  • «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ
  • ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ: ПОЛИЦИЯҒА 100 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Анасын қорғаймын деп өз әкесінің қолынан қаза тапты

ТҰРҒЫНДАР ҮШІН ҚОЛАЙЛЫ ОРТА ҚАЛЫПТАСУДА

АУДАН ӘКІМІ ҚАРАҚҰМ БЕТКЕЙДЕГІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР МЕН ШАРУАШЫЛЫҚТАРДЫ АРАЛАДЫ

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ КҮШЕЙТУ: ПОЛИЦИЯҒА 100 ЖАҢА АВТОКӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

ФОРУМҒА ҚАТЫСУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі