• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 21 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Саясат
Қазалыда қауіпсіз қоғам мәселесі талқыланды

Қазалыда қауіпсіз қоғам мәселесі талқыланды

21.05.2026
айдар: Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазалы ауданында оқу жылының аяқталуы қарсаңында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңейтілген мәжіліс өтті. Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында ұйымдастырылған «Қауіпсіз қоғам: тәртіп, тәрбие, жауапкершілік» атты жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, білім саласының мамандары, ата-аналар комитеттері мен қоғамдық ұйым жетекшілері қатысты.


Жиында аудан көлеміндегі білім саласындағы өзекті мәселелер мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Мәжілісте сөз алған аудан басшылығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім мен тәрбиенің қатар жүруі туралы пікіріне тоқталып, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңірудің маңызын атап өтті.
– Жас буын отаншыл, білімді, еңбекқор әрі жауапкершілігі жоғары болып қалыптасуы қажет. Қауіпсіз әрі тәртіпке бағынған қоғам құру – баршамызға ортақ міндет. Бұл ретте мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы байланыс нығаюы тиіс, – деді жиын барысында.
Кеңейтілген мәжілісте аудан прокуроры Мадияр Бекпанов жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу – барлық мекеме мен қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін айтты. Сонымен қатар түнгі рейдтік іс-шараларды тек аудан орталығында ғана емес, ауылдық округтерде де тұрақты ұйымдастыру қажеттігін жеткізді.
Жиын барысында №170 мектептің ата-аналар комитетінің төрағасы Жеңісбек Аралбаев отбасы тәрбиесінің рөліне тоқталып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі жөнінде пікір білдірді.
Мәжілісте соңғы қоңырау мен аттестат табыстау рәсімдерін талапқа сай өткізу, балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі мазмұнды ұйымдастыру, интернетке тәуелділік пен әлімжеттіктің алдын алу мәселелері де жан-жақты қаралды. Сондай-ақ су айдындарындағы қауіпсіздік, жол қозғалысы ережелерін сақтау, жазғы лагерьлердің дайындығы және санитарлық талаптардың орындалуы жөнінде жауапты сала басшыларының хабарламалары тыңдалды.
Бұдан бөлек, жиында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы айтылып, тұрғындар қоғам тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға белсенді атсалысуға шақырылды.
Кездесу қорытындысында көтерілген мәселелер бойынша жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін орынбасарға жүктелді.

Алдыңғы пост

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қазалыда қауіпсіз қоғам мәселесі талқыланды
  • АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
  • Алмасбек Есмаханов: Мемлекеттік рәміздерге немқұрайлыққа жол жоқ
  • Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр
  • ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Қазалыда қауіпсіз қоғам мәселесі талқыланды

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Алмасбек Есмаханов: Мемлекеттік рәміздерге немқұрайлыққа жол жоқ

Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр

ЗАМАНАУИ ҮЛГІДЕГІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚОНАҚ ҮЙ КЕШЕНІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

ҚАЗАЛЫ АУДАНЫНДА «НҰРДӘУЛЕТ» БОУЛИНГ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі