• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 26 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

26.05.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен қоғам алдындағы жауапкершілігі мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мейрамкүл Бибітова, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің облыс бойынша өкілі Берікбол Байхожаев және облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр, сондай-ақ кент, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын кәсіпорын, ұйым басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Мәжіліс барысында мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда заңдылықты сақтау мен әдеп қағидаттарының маңыздылығын атап өттік.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 19 мамырда Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» заңына қол қойды. Заң Қазақстан Республикасының 2024-2029 жылдарға арналған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында әзірленіп, мемлекеттік қызмет моделін одан әрі жаңғыртуға бағытталған. Жаңа редакциядағы Заңның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтің миссиясын бекіту, азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік моделіне көшу, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру және кадрлық процестерді цифрландыру. Мемлекеттік қызметші – халық пен билік арасындағы негізгі байланыстырушы буын. Сондықтан әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті жоғары жауапкершілікпен атқарып, заң талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс, – деп мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу сынды мәселелерге қатысты сөз қозғадық.

Жиында Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның жаңа редакциясындағы негізгі бағыттар түсіндіріліп, мемлекеттік қызметтің сервистік моделін қалыптастыру, кадрлық үдерістерді цифрландыру және мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Баяндамашылар мемлекеттік қызметшілер арасында қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қызметтік тәртіпті күшейту, сондай-ақ қоғам тарапынан мемлекеттік аппаратқа деген сенімді арттыру мәселелері бойынша кеңінен мағлұмат берді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы Әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына, қызметтік қарым-қатынасына және қоғаммен байланысына қойылатын негізгі талаптар түсіндірілді. Мемлекеттік қызмет өткеру кезінде заң талаптарын қатаң сақтау, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста әдептілік пен ашықтық қағидаттарын ұстану мәселелері де жан-жақты қамтылды.

Семинардан соң мемлекеттік қызметшілерден сауалнама алынып, азаматтармен жеке қабылдау өткізілді.

Айта кетейік, аудан әкімдігінен кейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамаларының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі нормаларының сақталуы мәселелеріне қатысты Сарыкөл ауылдық округінде де кездесу мен жеке қабылдау өткізілді.

Алдыңғы пост

ПАРИЖ КӨРЕРМЕНДЕРІНЕ СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ҰСЫНЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
  • ПАРИЖ КӨРЕРМЕНДЕРІНЕ СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ҰСЫНЫЛДЫ
  • Қазалыда қауіпсіз қоғам мәселесі талқыланды
  • АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ
  • Алмасбек Есмаханов: Мемлекеттік рәміздерге немқұрайлыққа жол жоқ

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

ПАРИЖ КӨРЕРМЕНДЕРІНЕ СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазалыда қауіпсіз қоғам мәселесі талқыланды

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Алмасбек Есмаханов: Мемлекеттік рәміздерге немқұрайлыққа жол жоқ

Қазалы кәсіпкерлері жылыжай кәсібін дамытып отыр

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі