• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Среда, 27 мая, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

27.05.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
2
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Айтбай Жандарбековтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Мәжіліске аудандық мәслихат төрағасы, аудан әкімінің орынбасарлары, «Amanat» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Мәжіліс барысында оқу жылының қорытындысы және білім алушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Мәжілісте аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қазіргі кезең — қорытынды емтихандар мен балалардың жазғы демалысын сапалы әрі қауіпсіз ұйымдастырудағы ең жауапты уақыттардың бірі екенін атап өтті. Осыған байланысты барлық жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.

Атап айтқанда, балалардың қатысуымен өтетін іс-шараларда құқықтық тәртіптің, қоғамдық және жол қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, білім беру ұйымдары мен демалыс орындарында қауіпсіздік талаптарын күшейту қажеттігі айтылды.
Сонымен қатар, балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру басты міндеттердің бірі екені ерекше назарға алынды. Әрбір баланың жазғы кезеңде қауіпсіз әрі мазмұнды демалыспен қамтылуы тиіс екені айтылып, әсіресе әлеуметтік осал санаттағы, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына басымдық беру қажеттігі тапсырылды.
Жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығы, санитарлық талаптардың сақталуы, балалардың тамақтану сапасы, судағы және өрт қауіпсіздігі мәселелері жан-жақты пысықталып, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктелді. Сонымен бірге, жазғы демалыс маусымы кезінде балалардың белгіленбеген аймақтарда суға түсуінің алдын алу бағытындағы түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы Дәуренбек Насибеков баяндама жасап, оқу жылының аяқталуы, қорытынды аттестаттау жұмыстары, жазғы сауықтыру лагерлерінің дайындығы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру шараларының барысы туралы жан-жақты баяндап өтті.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне балалардың қауіпсіздігі мен жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелерін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Алдыңғы пост

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Келесі пост

Қазалыда 15 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылады.

Келесі пост
Қазалыда 15 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылады.

Қазалыда 15 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылады.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қазалыда 15 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылады.
  • ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
  • МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ
  • ПАРИЖ КӨРЕРМЕНДЕРІНЕ СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ҰСЫНЫЛДЫ
  • Қазалыда қауіпсіз қоғам мәселесі талқыланды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Қазалыда 15 мыңға жуық оқушы жазғы демалыспен қамтылады.

ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАҒА ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

ПАРИЖ КӨРЕРМЕНДЕРІНЕ СЫР ӨНЕРПАЗДАРЫНЫҢ КОНЦЕРТІ ҰСЫНЫЛДЫ

Қазалыда қауіпсіз қоғам мәселесі талқыланды

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТТІ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі