• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 27 июня, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қазалы полициясына 7 жаңа қызметтік автокөлік берілді

Қазалы полициясына 7 жаңа қызметтік автокөлік берілді

27.06.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Қазақстан полициясы күні қарсаңында құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Осыған орай бұған дейін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен өткен салтанатты рәсімде өңірдегі полиция бөлімшелеріне 94 арнайы қызметтік автокөліктің кілті табысталған болатын. Соның ішінде 7 автокөлік Қазалы аудандық полиция бөліміне берілді.

Бүгін аудан орталығында жаңа қызметтік автокөліктерді таныстыру рәсімі өтті. Іс-шараға аудан әкімі Алмасбек Есмаханов, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, сала ардагерлері мен қоғам өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімі жаңа техникалардың құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттырудағы маңызын атап өтті. Оның айтуынша, заманауи автокөліктер полиция қызметкерлерінің жедел әрекет ету мүмкіндігін кеңейтіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздігін күшейтуге оң ықпал етеді.

– Қоғамның тұрақтылығы мен елдің өркендеуі ең алдымен тыныштық пен қауіпсіздікке байланысты. Бұл жауапты міндетті абыроймен атқарып жүрген полиция қызметкерлерінің еңбегі зор құрметке лайық. Тәулік бойы қоғамдық тәртіпті күзетіп, халықтың тыныштығын сақтап жүрген сіздердің қызметтеріңіз әрдайым жоғары бағаланады. Мемлекет тарапынан құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін нығайтуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Облыс орталығында өткен салтанатты рәсімде өңір полициясына 94 арнайы автокөлік табысталды. Соның жетеуі Қазалы аудандық полиция бөліміне беріліп отыр. Бұл – құқық қорғау органдарының әлеуетін арттырып, аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көрсетілген нақты қолдау. Ел тыныштығы жолындағы еңбектеріңізге табыс тілеймін, – деді аудан басшысы.

Жаңа қызметтік автокөліктер полиция қызметкерлерінің мобильділігін арттырып, шақыртуларға жедел жетуге, төтенше жағдайлар мен құқықбұзушылықтарға дер кезінде ден қоюға, сондай-ақ шалғай елді мекендерде қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазалы ауданында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында цифрлық технологиялар кеңінен қолданылуда. Аудан аумағында қоғамдық орындар мен көшелердегі тәртіпті бақылауға және жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын автоматты түрде анықтауға арналған 72 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Сонымен қатар аудандық полиция бөлімінде бейнебақылау жүйелерінен келіп түсетін ақпаратты саралап, құқықбұзушылықтарды жедел анықтайтын кіші Жедел басқару орталығы тәулік бойы қызмет атқаруда.

Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінің бірлескен жүйелі жұмысының нәтижесінде аудандағы криминогендік ахуал тұрақтанып келеді. Биылғы жылдың есепті кезеңінде тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50-ден 40 дерекке дейін төмендеп, қылмыс деңгейі 10 пайызға азайды.

Бүгінде Қазалы аудандық полиция бөлімінде 100-ден астам қызметкер қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті нығайту жолында абыройлы қызмет атқаруда.

Жаңа қызметтік автокөліктердің табысталуы – құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі. Бұл бастама полиция қызметінің тиімділігін одан әрі күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді

Алдыңғы пост

ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Қазалы полициясына 7 жаңа қызметтік автокөлік берілді
  • ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
  • Атыраудағы жан түршігерлік оқиға: қарияның туыстары ұлын айыптады
  • Францияда ешкіні зорлады деген айыппен ауғанстандық мигрант 2,5 жылға сотталды
  • Қазақстанға заңсыз кірмек болған шетелдіктер ұсталды

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

Қазалы полициясына 7 жаңа қызметтік автокөлік берілді

ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Атыраудағы жан түршігерлік оқиға: қарияның туыстары ұлын айыптады

Францияда ешкіні зорлады деген айыппен ауғанстандық мигрант 2,5 жылға сотталды

Қазақстанға заңсыз кірмек болған шетелдіктер ұсталды

Полицейдің өлімі: күдіктілер қатарында марқұмның әйелі мен ұлы бар

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі