Қазақстанға 486,5 млрд теңге активтер қайтарылды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2024 жылдың қорытындысын кеңейтілген алқалы отырыста мәлімдеді.
Антикор басшысы Асхат Жұмағалидің сөзінше, 2022 жылдан бері Қазақстанға 1 трлн 120 млрд теңге көлемінде активтер мен қайтарылған. Ал өткен жылы елге 486,5 млрд теңге қайтарылды.
2024 жылы аяқталған істер бойынша 371,2 млрд теңге өтелді, сондай-ақ 28,9 млрд теңгенің мүлкіне тыйым салынған. Бұл қаражат әлеуметтік нысандарды қаржыландыруға бағытталды. Оның есебінен 56 мектеп салынды.