• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Қызылордада аудан әкімдері Нәлібаевтан неге үлгі алмай отыр?

Қызылордада аудан әкімдері Нәлібаевтан неге үлгі алмай отыр?

24.01.2025
айдар: Қоғам, Саясат
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
136
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Соңғы бірнеше жылдың ағымында Қызылорда облысында біршама жұмыстар атқарылғанын мойындау керек. Солардың бірі облыс әкімдігі ғимаратының айналасындағы қоршаудың алынып тасталғаны құптарлық іс.

Сол кезде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев бұл жұмысты «Халық үніне құлақ асатын Үкімет» тұжырымдамасын орындау мақсатында қолға алғанын айтқан еді. «Халықтан қымтанып, тығылып отырмаймыз. Әкімдік қоршауын алып, парк жасаймыз», — деді Мәшбекұлы. Алайда, облыс әкімінің аталған бастамасын аудан әкімдіктері қолдауға асығар емес.

Қызылорда облысында жеті аудан бар, жергілікті халық саны жылдан – жылға өсім алып келеді. Оның ішінде Сырдария қалаға ең жақын орналасқан аудан. Кент орталығын аралап, мемлекеттік мекемелердің қазір жағдайын көзбен көріп қайттық. Өкінішке орай, айналасы түгел қоршалған, қарапайым халық үшін ішіне кіру өте қиын нысандар аз емес. Олардың қатарында аудандық білім бөлімі, «Адал адам» мәдени – тәрбие орталықтары да бар. Аудан әкімдігінің алды жағы да қоршауға алынған. Бұл мәселеге қатысты тиісті сала мамандарынан жауап алдық.

«Сырдария аудандық әкімдігі ғимараты орталық алаңда орналасқан. Келіп – кетушілер үшін ешқандай кедергі жоқ. Жақын арада аталмыш аумақ күрделі жөндеуден өтеді. Сол кезде қоршауларды түгелдей алып тастау жоспарда бар. Жалпы, әкімдіктің дәл алды ашық, тек автотұрақ қауіпсіздігіне байланысты қоршаланып тұр. Кенттегі басқа мемлекеттік мекемелердің қоршауларын алып тастау нақты жоспарда жоқ. Бұл темір шарбақтар мекеме ауласында егілген гүлдерді төрт – түліктен қорғап тұр», — деді аудандық ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ердос БЕРКІНБАЕВ.

Сырдария ауданындағылар мемлекеттік мекемелердің қоршауын алуды жоспарламаса, жалағаштықтар бұл бастаманы жүзеге асыру үшін күннің жылынғанын күтіп отыр. Әйтпесе, көрші ауданда өсіп тұрған гүл мен түлік Жалағашта да бар. Қазір мұнда аудан әкімдігі толықтай қоршалған. Халықтың мұң – мұқтажын тыңдап, мәселесін шешуге тиіс аудандық мәслихат ғимараты да тұрғындардан қорғалып тұр. Айта кету керек, Жалағашты аймақтағы ең жас аудан әкімдерінің бірі саналатын Ардақ Ибраимов басқарып отыр.

«Әрине, аймақ басшысының бұл бастамасын біз қолдаймыз. Бүгінде Жалағаш кентінің әкімдігі орналасқан ғимараттың қоршауы алынған. Аудан әкімдігі алдындағы қоршау – формальді түрде ғана тұр десек болады. Яғни, оған мүлдем құлп қоюға келмейді. Ғимараттың алды және артқа аумағы толықтай ашық. Қазір біз тиісті мамандар ақылдасып жатырмыз. Күн жылығаннан кейін қоршауды алып тастау жоспарда бар. Аудандық мәслихат орналасқан ғимараттың алдынан да қоршаулар алынатын болады», — деп жауап берді Жалағаш ауданының басшысы.

Әрине, мұндай мысалдарды облыс бойынша көптеп келтіруге болады. «Естуші Үкімет» тұжырымдамасын өз деңгейінде орындау да ғимарат айналасындағы қоршауды алып тастаумен шектелмейді. Дегенмен, билікке сенім арқалаған халық әкімдікке еш қиындықсыз базынасын айтып, шенеуніктердің ашық болғанын қалайтынын да жоққа шығара алмаймыз.

«Негізінен қаңтар оқиғасы биліктегілерге үлкен сабақ болды деуге болады. «Естуші Үкіметтің» де қолға алынғандығы бекер емес. Нұрлыбек Нәлібаев әкімдік айналасындағы қоршауды алып тастап, аудан әкімдеріне ғана емес, көрші облыстарға да үлгі болды. Қазір саябақта кешқұрым тұрғындар емін – еркін серуендеп жүр. Бұл бастаманы сырбойылық әкімдердің жалғап алып кеткені дұрыс. Халықтың билікке деген сенімі мен үміті көп мәселені шешеді. Әрине, қоршауларды алып тастау үшін демонтаж жұмыстарына бюджеттен қаражат бөліну керек. Мемлекеттік мекемелер ұдайы ашық, қолжетімді болуы тиіс. Бұл пікірдің құқық қорғау органдары мен әскери бөлімшелерге қатысы жоқ», — дейді қызылордалық қоғам белсендісі Серік ЕРІМБЕТОВ.

 

Арман НҰРТАЙ

Tags: ӘкімӘкімдікҚызылорда
Алдыңғы пост

Жол салуға бөлінген 11 млрд теңге талан-тараж болған

Келесі пост

Жеке мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының тегін тамақтануына 12 миллиардтан астам қаржы бөлінді

Келесі пост
Жеке мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының тегін тамақтануына 12 миллиардтан астам қаржы бөлінді

Жеке мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының тегін тамақтануына 12 миллиардтан астам қаржы бөлінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі