• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Четверг, 5 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қылмыс
6 адам мүгедек жігітті зорлады деген күдікке ілінді

6 адам мүгедек жігітті зорлады деген күдікке ілінді

07.03.2025
айдар: Қылмыс, Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
6
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктілерден жауап алды, деп хабарлайды Kaztoday.kz.

Түркістан облысы Келес ауданы Ұшқын ауылының тұрғыны Гүлзада Ахметова 23 жастағы ұлының 13 жылдан астам уақыт бойы зорланғанын айтып, әділдік іздеп жүр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Ұшқын – 100 түтіні бар аядай ғана ауыл. Сырт көзге бейғам жатқан, бейбіт мекен. Алайда ақпандағы оқиға естіген жұртты есеңгіретіп тастады.

«Ақпанның бас кезінде әмиянымнан 41 мың теңге жоғалады. 23 жастағы ұлым Нұрланнан сұрасам, қайнымның баласы келген, сол алды деді. Мен іле-шала абысыныма хабарласып, ақшаны дереу қайтаруды талап еттім, олар кешірім сұрап ақшамды алып келді. Содан 18 ақпанда кешкі сағат алтыда Нұрлан «Мама, ақшадан да жаман іс болып жүр» деді. Естіп, сол жерде талып қала жаздадым. Баламның айтуынша, қайнымның үш баласы мен ауылдың тағы үш баласы балама жыныстық азғындық жасаған», — дейді Гүлзада Ахметова.

Балаға 10 жасынан бастап азғындық жасаған

Гүлзаданың 23 жастағы ұлы – екінші топтағы мүгедек. Өте әлжуаз, үдірейе қарағаннан үрке қашады.

«Балам күдіктілерді 10 жасынан бастап азғындық көрсетіп келді дейді. Қайным үш баласының қылығын естіп: «жеңге, балаларыма қандай айып тақсаң да, қандай жаза қолдансаң да мен сен жақпын. Бұлар мені қарабет қылды» деді», — деп туысының сөзін айтқан Гүлзата Ахметова әр сөзін ентігіп әрең жеткізді.

Нұрлан психолог, психиатр, адвокат, тергеуші бәріне жауап берген. Тілінде ақау болғандықтан кейбір сөзін анасының сүйемелдеуімен жеткізген.

«Арызыңды ал, сұрағаныңды берейік»

«Қайнымның үш баласының үлкені 26 жаста, одан кейінгісі 23, кішісі 20 жаста. Қайным бізге аталас туыс. 23 ақпанда барлық сараптама жасалды, бір айдан соң шешімі шығады. Күдіктілердің туыстары кешірім сұрап, сұрағаныңды береміз, арызыңды ал деп келіп жатыр. Бірақ мен әділдікке жету үшін соңғы демім қалғанша күресемін», — дейді Гүлзада.

Оқиғаны ести салып, жігіттің анасы бар, ауылдың ақсақалдары бар, бәрі күдіктілердің үйіне бас салып кірген. Бірақ үш ағайындының бірі терезеден, екеуі есіктен қашқан. Күні кеше екеуі полиция бөліміне өз аяғымен барған. Оқиға жария болған күннен бастап 5 рет ауылда жиын болған. Бірі ойға тартса, бірі қырға тартқан. Ең соңында ауылдағылардың көзқарасы өзгеріп сала берген, ал баласының зарын айтқан ана жалғыз қалған, сөзін сөйлер адам жоқ.

«Қамаңыздаршы, олар маған тағы тиіседі ғой»

«Қайнымның екі баласы үйге кешірім сұрап келгенде, баламды қай жерге апарып зорлап жүргенін айтып берді. Сонда ең болмаса бірауыз сөзін диктафонға жазып алсам ғой, ойыма келмепті. Сол қайнымның үйіне моншаға баратын едік, күдіктілер сол кезде білгендерін істеп жүрген. Соңғы рет 7 ақпанда ақшамды ұрлаған кезде зорлаған. Адвокаттар мен тергеушілерге «қамаңыздаршы, бұлар тағы да тиіседі, мен қорқамын» деді балам», — дейді туыстарынан азғындық көрген жігіттің анасы.

Гүлзаданың айтуынша, тергеуші дәлел жоқ, сот-медициналық сараптаманы күтеміз деген.

Күдікке ілінген 6 адамның үшеуі туған ағайынды, әрі Нұрланның туысы. Ал туыс емес күдіктілердің екеуі кәмелетке толмаған: бірі 2011 жылғы, енді бірі 2009 жылғы.

Облыстық полиция департаменті қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтады.

«Бұл факт полиция бөлімінде тіркеліп, барлық мән-жайды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары атқарылды. Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер 6 жергілікті тұрғыннан жауап алды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар жасалды және жедел тергеу шаралары атқарылуда. Оның нәтижесі бойынша заңды шешім қабылданады», — дейді ведомство.

 

Tags: қылмыс
Алдыңғы пост

Қызылордада ірі браконьерлік фактісі анықталды

Келесі пост

Экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

Келесі пост
Экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

Экстремистік материалдарды таратқан топ ұсталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі