Жаңасемей ауданының Приречное ауылында төртінші тәулік қатарынан өртпен күрес жүріп жатыр, деп хабарлайды kaztoday.kz.
От ашық аумақтың шамамен бір гектарын шарпып, 105 шаршы метр құрылыс нысандарына залал келтірді.
Қалың түтін мен өрттің таралу қаупіне байланысты 395 жергілікті тұрғын эвакуацияланды. Полиция тастап кеткен үйлерді тәулік бойы күзетуде.
Өртті сөндіруге 185 адам, 20-дан астам техника, екі дрон және ТЖМ-нің тікұшағы жұмылдырылған. 14 сәуір күні өрт ошағы локализацияланды, қазір қалған ошақтарды сумен сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тілсіз жау шаруашылық нысандарына залал келтіріп, ғимараттардың шатырын және шамамен 43 тонна шөпті жойды. Өртті толық жою жұмыстары жалғасуда.
Дереккөз: @ztb_qaz