Қазақстанда самокаттар мен велосипедтер үшін мемлекеттік тіркеу нөмірлері міндетті болуы мүмкін, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Мұндай ұсыныстар қазір қызу талқылануда, деп хабарлады ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов.
Ол мұндай түзетулерді әділет министрлігі басқаратын жұмыс тобы дайындап жатқанын растады.
«Мұны енгізу бойынша ұсыныс бар. Біз Швейцариядағы тәжірибені зерттедік. Ол елде самокаттарда ғана емес, тіпті велосипедтерде де тіркеу нөмірі бар. Сондықтан бұл қалыпты жағдай және ұсыныс өте өзекті. Біз белсенді жұмыс атқарып жатырмыз», — деді вице-министр.
Еске салайық, елде 5 сәуірден бастап мопед иелерінде жүргізуші куәлігі, ал көліктерінде мемлекеттік тіркеу нөмірі болуы шарт.
Сонымен қатар, елордада алғаш рет электросамокаттарға арналған арнайы тұрақтар ашылады. Жоба пилоттық режимде Нұра ауданында іске асырылады. Тұрақтар арнайы жол белгілерімен және сызықтықтармен белгіленеді.
Дереккөз: Sputnik