6 адам қаза тапты: Қостанай облысында шетелдіктер мінген көлік жол апатына түсті, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Қайғылы оқиға 20 мамыр күні таңертең «Алматы – Екатеринбург» тас жолында болған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ішінде 10 шетел азаматы болған Ford Transit көлігі жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында 6 адам қаза тапты. Тағы 5 адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.