Көкшетауда әйелін пышақтап, қашып кеткен еркек ұсталды, деп хабарлайды kaztoday.kz.
КТК мәліметінше, күдіктіні куәгерлер мен полицейлер жабылып қуып, қолға түсірген.
Әлеуметтік желідегі бейнежазбалардан әйелдің микроқаржы ұйымының қызметкері екені байқалады. Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің жағдайы өте ауыр. Оны пышақ жарақатынан кейін орындықта отырған күйі сыртқа алып шыққан.
Қылмысқа тұрмыстағы жанжал себеп болды дейді полицейлер.
«Әйел адамға дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұрмыстық жанжалда жәбірленушінің жұбайы оған пышақ жарақатын салып, жасырынғаны алдын ала анықталды. Күдікті жедел ұсталып, істің мән-жайын анықтау үшін полицияға жеткізілді. Тергеу жалғасып жатыр», — дейді Ақмола облысы ПД аға инспекторы Алмагүл Тұрсымбаева.