• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты

Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты

27.05.2025
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
68
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты, деп хабарлайды kaztoday.kz.

Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде биылғы түлектердің бірі – Сұңқар Майқан – емтиханнан кейін мектептен шығарылды.

Оқиға мектеп ішіндегі қорытынды емтихан кезінде орын алған. Мектеп әкімшілігінің мәлімдеуінше, Сұңқар емтиханға ұялы телефон алып кіріп, мұғалімнің ескертуінен кейін ұстазға ауыр сөздер айтқан. Бұл жағдай педагогикалық кеңесте қаралып, оқушыны мектептен шығару туралы шешім қабылданған.

Алайда оқушы бұл айыптаулармен келіспейді. Оның айтуынша, ешқандай балағат сөз қолданбаған, тек сәл реніш білдірген. Сонымен қатар Сұңқар ұстаздардан кешірім де сұрағанын атап өткен.

Мәселеге қатысты пікір білдірген Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова аталған шешімнің тым қатаң екенін алға тартып, оқушының тағдырын қайта қарауға шақырды.

— «Оқушы мектепті аяқтауға бір күн қалғанда осындай шешім қабылдау – өте ауыр жаза. Ол агрессия танытпаған, сабырмен сөйлеген. Қазір ол не қарапайым мектепке ауыса алмайды, не диплом ала алмайды», — деді депутат тілшілерге берген сұхбатында.

Қазіргі таңда Сұңқар Майқанның ары қарайғы білім алу жолы бұлыңғыр күйде қалып отыр.

Мектеп әкімшілігі мен жауапты органдар әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Алдыңғы пост

Мектеп бітіруші сыныптасын шампурмен өлтірді: Қанды оқиға туралы жаңа мәліметтер

Келесі пост

Зардап шеккендер бар: Ақтөбе облысындағы шахтада жарылыс болды

Келесі пост
Зардап шеккендер бар: Ақтөбе облысындағы шахтада жарылыс болды

Зардап шеккендер бар: Ақтөбе облысындағы шахтада жарылыс болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі