18 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін дәретхана шұңқырына тастап кеткен, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Қырғызстанда адам сенгісіз жағдай орын алды: 18 жастағы бойжеткен жаңа туған нәрестесін үйіндегі дала дәретханасының шұңқырына тастаған. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Ресми мәліметке сәйкес, бойжеткен сәбиін үй жағдайында, дәлірек айтқанда, дәретханада босанған. Кейін нәрестені шұңқырға лақтырып жіберген.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар сәбидің денесін шұңқырдан алып шыққан. Мамандар оның мойнынан кесілген жарақатты анықтаған. Сол маңнан шыны сынығы табылып отыр. Тергеу мәліметіне қарағанда, сәби дәл осы жарақаттың салдарынан көз жұмған.
Қазіргі уақытта күдікті жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.