• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Суббота, 25 апреля, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«AMANAT HEALTH» – өңір денсаулығына серпін беретін бастама.

«AMANAT HEALTH» – өңір денсаулығына серпін беретін бастама.

25.04.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Аталған құжат Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалы арасында жасалып, денсаулық сақтау саласындағы волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Бастаманың негізгі мақсаты-трғындарға денсаулық сақтау саласы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жастарды әлеуметтік маңызы бар қызметтерге тарту, сондай-ақ мейірбикелер, фельдшерлер мен акушерлерден құралған орта буын медициналық волонтерлер корпусын қалыптастыру.

Жоба аясында ауылдық және шалғай елді мекендерге волонтерлік қолдау көрсетіледі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек буыны күшейтіледі, жастар үшін «әлеуметтік лифт» тетіктері қалыптастырылады, волонтерлік қызметтің ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, «Қос тәлімгерлік» моделі енгізіліп, «AMANAT» партиясы ұйымдастырушылық бағытты үйлестірсе, медициналық колледждер кәсіби оқыту алаңы ретінде қызмет атқарады.

Қол қою рәсіміне «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Алмас Әбілпатта қатысты.

Сондай-ақ, іс-шара аясында күні кеше басталған Қызылордада медициналық білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған халықаралық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындыланып, белсенді қатысушылар арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Кеш соңында қатысушыларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Бұл бастама-өңірдегі денсаулық сақтау саласын қолдауға, жастардың белсенділігін арттыруға және қоғам игілігі үшін бірлескен жұмысты дамытуға бағытталған маңызды қадам.

Алдыңғы пост

Қызылордада «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында өңір дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • «AMANAT HEALTH» – өңір денсаулығына серпін беретін бастама.
  • Қызылордада «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында өңір дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды
  • «AMANAT» партиясында жол қауіпсіздігін күшейту мәселесі көтерілді
  • Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс сапасын бақылауға алды
  • Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT HEALTH» – өңір денсаулығына серпін беретін бастама.

Қызылордада «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында өңір дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

«AMANAT» партиясында жол қауіпсіздігін күшейту мәселесі көтерілді

Аудан әкімі Әйтеке би кентіндегі құрылыс нысандарын аралап, жұмыс сапасын бақылауға алды

Шиеліде «Тағзым орны таза болсын, рух пен тазалық – егіз ұғым» атты жалпыхалықтық экологиялық акция өтті

CЫР ӨҢІРІНДЕ «ТАҒЗЫМ ОРНЫ ТАЗА БОЛСЫН, РУХ ПЕН ТАЗАЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ» АТТЫ ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі