• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 26 июня, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экология
ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

26.06.2026
айдар: Экология
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
1
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Бүгін Қазалы ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміз бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияның басты мақсаты – елді мекендердің тазалығын қамтамасыз ету, тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық орындардың көркін арттыру.

Тазалық шараларына ауданның коммуналдық қызмет мекемелерінің мамандары, кент әкімдігі, түрлі мекеме қызметкерлері мен кәсіпкерлер белсенді атсалысты. Жұмыс барысында кенттің бірқатар көшелері мен қоғамдық орындарында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, абаттандыру бағытындағы кешенді іс-шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, кент орталығындағы Роза Бағланова көшесі, Жалаңтөс баһадүр саябағы, Теміржол вокзалы аумағы және кәсіпкерлік нысандары орналасқан көшелер толықтай тазартылып, ретке келтірілді. Аялдамалар арнайы техникалардың көмегімен жуылып, көше бойындағы бордюрлер әктелді. Сонымен қатар жарық бағаналары мен қоршаулар сырланып, қоғамдық орындардың сыртқы келбеті жаңартылуда.

Бұдан бөлек, кәсіпкерлік нысандарының айналасын көркейтуге ерекше көңіл бөлінді. Нысандардың сыртқы келбетін қалыпқа келтіру, аумақтарды қоқыстан тазарту, арамшөптерді шабу, жасыл желектерді күтіп-баптау және санитарлық талаптарға сәйкестендіру жұмыстары жүйелі түрде атқарылды. Мұндай жұмыстар елді мекеннің эстетикалық келбетін жақсартып қана қоймай, тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.

Кент аумағында ұйымдастырылған санитарлық тазалық жұмыстарының барысын аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасымен танысты. Жауапты сала басшыларымен және кент әкімдігі өкілдерімен кездескен аудан басшысы қоғамдық орындардың тазалығын тұрақты бақылауда ұстаудың маңыздылығына тоқталды.

Аудан әкімі кент әкіміне санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруды, абаттандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыруды, кәсіпкерлік нысандары мен тұрғын үйлердің айналасының таза әрі талапқа сай болуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, көгалдандыру, инфрақұрылым нысандарын күтіп-ұстау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі күшейту қажеттігін атап өтті.

Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, ауданның барлық елді мекендерін қамтитын болады. Таза әрі көрікті қоршаған ортаны қалыптастыру – әрбір тұрғынның ортақ міндеті екені назарға алынып, бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырыла береді.

Алдыңғы пост

Атыраудағы жан түршігерлік оқиға: қарияның туыстары ұлын айыптады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ
  • Атыраудағы жан түршігерлік оқиға: қарияның туыстары ұлын айыптады
  • Францияда ешкіні зорлады деген айыппен ауғанстандық мигрант 2,5 жылға сотталды
  • Қазақстанға заңсыз кірмек болған шетелдіктер ұсталды
  • Полицейдің өлімі: күдіктілер қатарында марқұмның әйелі мен ұлы бар

Соңғы пікірлер

  1. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  2. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  3. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  4. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КЕҢ КӨЛЕМДІ САНИТАРЛЫҚ-ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

Атыраудағы жан түршігерлік оқиға: қарияның туыстары ұлын айыптады

Францияда ешкіні зорлады деген айыппен ауғанстандық мигрант 2,5 жылға сотталды

Қазақстанға заңсыз кірмек болған шетелдіктер ұсталды

Полицейдің өлімі: күдіктілер қатарында марқұмның әйелі мен ұлы бар

Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі