Қай жерде болмасын, қандай жағдайда болмасын медицина қызметкерінің басты міндеті – адам өмірін сақтау. Бұл жауапкершілік тек жұмыс орнымен шектелмейді.
Жақында демалыс орнында суға батып, жағдайы күрт нашарлаған баланы байқап қалған Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының оперативтік бөлімінің диспетчер-фельдшері Абсалямова Зульфия Ринатқызы еш ойланбастан алғашқы медициналық көмек көрсетіп, кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында бүлдіршіннің өмірін аман алып қалуға себепкер болды.
Бұл оқиға медицина қызметкерінің мамандығына деген адалдығы мен адам өміріне деген зор жауапкершілігінің жарқын көрінісі. Ақ халат иелері қай уақытта да, қай жерде де көмек көрсетуге дайын екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Зульфия Ринатқызына батылдығы, жанашырлығы және жоғары кәсіби біліктілігі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Оның бұл игі ісі барша медицина қызметкерлеріне үлгі болары сөзсіз

