Ең ауқатты болашақ зейнеткер 51-60 жас аралығындағы ер азамат болып отыр. Ол соңғы алты айдың ішінде жинағын тағы 7 миллион теңгеге арттырған.
Екінші орында 61 жастағы салымшы тұр. Оның зейнетақы шотында 180 миллион теңге жинақталған.
Ал үздік үштікті 40 жас шамасындағы ер азамат түйіндейді. Оның жинағы 151 миллион теңгені құрайды.
Әйелдер арасында да рекорд жаңарды
Биылғы жылдың басты ерекшеліктерінің бірі – қомақты зейнетақы жинағы бар әйелдер санының артуы.
Жыл басында 100 миллион теңгеден асатын жинағы бар әйелдер болмаған. Алайда маусым айына қарай бұл көрсеткіш бірден өзгерген.
Қазір екі әйелдің зейнетақы жинағы 100 миллион теңгеден асып отыр. Олардың бірінің шотында 125 миллион теңге болса, екіншісінде 116 миллион теңге бар.
Осылайша, Қазақстанда зейнетақы қорында жүздеген миллион теңге жинаған азаматтардың қатары көбейіп келеді. Ең жоғары көрсеткіш әзірге 387,5 миллион теңге көлемінде.

