Қарағандыда қайғылы оқиға болды: қатты жел салдарынан ағаштың бұтағы сынып, бес жасар баланың үстіне құлаған.
Бала ауыр жарақат алып, жедел түрде медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Полиция кәмелетке толмаған баланың қаза болуына байланысты қылмыстық іс тіркегенін мәлімдеді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

