• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Вторник, 8 сентября, 2026
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Қоғам
«Шариғатта алимент жоқ»: науқас баланың әкесі сот шешімін орындаудан бас тартқан

«Шариғатта алимент жоқ»: науқас баланың әкесі сот шешімін орындаудан бас тартқан

08.09.2026
айдар: Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
719
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

Кәмелетке толмаған, мүгедектігі бар баласын жалғыз тәрбиелеп отырған әйел қоғамнан көмек пен әділдік сұрады. Оның айтуынша, бұрынғы күйеуі діни ұстанымын алға тартып, сот шешімімен белгіленген алиментті төлеуден бас тартып келеді.

Әйелдің сөзінше, олар АХАЖ арқылы некелерін заңды түрде тіркемеген, тек діни неке қиған. Осы қарым-қатынастан ұл дүниеге келген.
Баласы бір жасқа толған кезде бұрынғы күйеуі оны діни мәтіндерді жаттауға мәжбүрлеп, үйретпеді деген себеппен әйелді де, баланы да ұрып-соққанын айтады. Анасының айтуынша, осыдан кейін баланың сөйлеуі тоқтап, кейін оған аутизм диагнозы қойылған.
Зорлық-зомбылықтан кейін әйел баласымен бірге «Ана мен бала» дағдарыс орталығына жүгінген. Ол бұрынғы күйеуіне қатысты арыз жазғанымен, іс кейін тоқтатылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ әйел бұрынғы жұбайы істі «ақша беріп шешкенін» айтып мақтанғанын жеткізді.
Алайда әйелдің айтуынша, мәселе мұнымен аяқталмаған.
Ажырасқаннан кейін сот мүгедектігі бар баланы асырау үшін бұрынғы күйеуіне ай сайын 20 АЕК мөлшерінде алимент төлеу міндетін жүктеген. Бірақ анасының сөзінше, ер адам сот шешімін орындамай, «шариғатта алимент жоқ» деген уәжбен төлем жасаудан бас тартып отыр.
Бүгінде баланың еміне, оңалтуына және арнайы балабақшаға баруына тұрақты қаражат қажет. Анасы баласының қажеттіліктерін жалғыз өзі өтеу қиын екенін айтып, құзырлы органдардан көмек сұрап отыр.
«Мен қоғамнан әділдік пен көмек сұраймын. Менің де, кәмелетке толмаған баламның да құқығы қорғалса екен», – дейді ана.
Әйел заң өкілдерінен бұрынғы күйеуінің әрекеттеріне құқықтық баға беріп, сот шешімімен белгіленген алименттің өндіріліп, баланың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын талап етті.

Алдыңғы пост

Саяжайдағы қайғылы оқиға: екі адам көз жұмды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

2 + 1 =

Соңғы жаңалықтар

  • «Шариғатта алимент жоқ»: науқас баланың әкесі сот шешімін орындаудан бас тартқан
  • Саяжайдағы қайғылы оқиға: екі адам көз жұмды
  • Елікке шыққан аңшылардың бірі қаза тапты
  • Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты
  • «ДостарМедLine»-дағы даулы тіркеу: 2001 жылы қайтыс болған адам 2023 жылы қалай тіркелген?

Соңғы пікірлер

  1. Нурсулу Темирбаева к Медицина қызметкері – адам өмірінің арашасы
  2. Бул к Бала өмірін бас пайдасынан төмен санайтын кәсіпкерлерге шектеу қоямыз
  3. Zhanna Abdikarimova к Назарбаев мектебінің түлегі емтиханнан кейін мектептен шығарылды: дауға депутат араласты
  4. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Соңғы жаңалықтар

«Шариғатта алимент жоқ»: науқас баланың әкесі сот шешімін орындаудан бас тартқан

Саяжайдағы қайғылы оқиға: екі адам көз жұмды

Елікке шыққан аңшылардың бірі қаза тапты

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

«ДостарМедLine»-дағы даулы тіркеу: 2001 жылы қайтыс болған адам 2023 жылы қалай тіркелген?

Жамбыл облысында сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған әйел ұсталды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі