14 қазанда Қосөзен ауылында үш ер адам бір азаматқа шабуыл жасап, оның көлігіне пневматикалық қарудан оқ атқан. Зақымданған көліктің видеосы әлеуметтік желіде тарады.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу жалғасып жатыр.

