Еліміздегі мектептерде директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін енгізу жоспарланып отыр.
Бұл бастама Жамбыл облысындағы 190 мектепте тәжірибе ретінде сынақтан өткен. Нәтижесінде кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар 24,7 пайызға, ал жасөспірімдердің өздері жасаған құқықбұзушылықтар 3,4 пайызға азайған.
Сонымен қатар балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар саны 54,5 пайызға төмендеген.
Жаңа қызмет мектептердегі құқықбұзушылықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында енгізілмек.
