Павлодар облысында кәмелетке толмаған екі өгей қызына жыныстық зорлық-зомбылық жасаған 48 жастағы ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Сот мәліметінше, ер адам 10 және 11 жастағы өгей қыздарына қатысты жыныстық сипаттағы ауыр қылмыстар жасаған. Соның салдарынан екі бала да адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған.
Сот қылмыстың ауырлығын ескеріп, айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар сотталған азаматқа кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметтерді өмір бойы атқаруға тыйым салынды.
Үкімге сәйкес, ол жазасын төтенше қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
