Астана тұрғыны актерлік шеберлікті меңгеріп, киноға түсу үшін жеке кәсіпкермен келісімшарт жасасқан. Алайда қомақты қаражат төлеген әйел уәде етілген қызметті ала алмаған.
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, келісімшарт құны 1 миллион 690 мың теңгені құраған.
Әйелдің сөзінше, актерлік сабақтар да, кино түсірілімі де басталмаған. Осыдан кейін ол келісімшартты бұзып, ақшасын қайтаруды талап еткен. Алайда кәсіпкер белгіленген мерзімде қаражатты қайтармаған.
Өз құқығын қорғау үшін елорда тұрғыны тиісті департаментке жүгінген.
Мамандардың араласуынан кейін мәселе оң шешіліп, әйелге төлеген қаражаты толық қайтарылды.

