• Басты бет
  • Сайт туралы
  • Байланыс
Пятница, 6 июня, 2025
KazToday
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Бизнес
  • Қылмыс
  • Әлем
  • Экономика
No Result
View All Result
KazToday
No Result
View All Result
Home Экономика
2025 жылы қазақстандықтардың айлығы өсе ме?

2025 жылы қазақстандықтардың айлығы өсе ме?

2025 жылы қазақстандықтардың айлығы өсе ме?

05.01.2025
айдар: Экономика, Қоғам
0 0
0
0
БӨЛІСТІ
21
ҚАРАУЛАР
Facebook арқылы бөлісуWhatsApp арқылы бөлісу

2025 жылы қазақстандықтардың жалақысы өсе ме?

Айлық есептік көрсеткіш өседі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 692 теңге болды, енді 2025 жылдан бастап 3 932 теңге болады. Сәйкесінше, әлеуметтік төлемдер көлемі де, айыппұл көлемі де артады.

Ең төменгі жалақы қанша болады?

2025 жылы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы 85 мың теңге, яғни 2024 жылдағыдай деңгейде қалады.

Ал ең төменгі күнкөріс деңгейі – 46 228 теңге (қазір 43 407 теңге) болады.

Зейнетақы қанша теңге болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, ынтымақты зейнетақы мөлшерін қолайлы деңгейде ұстап тұру үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен екі пайызға озып индекстеледі.

2025 жылдан бастап:

– ең төменгі мөлшері – 32 360 теңге (айлық минимумның 70 пайызы);

– ең жоғары сома – 50 851 теңге (айлық минимумның 110 пайызы).

Базалық және бірлескен төлемдерді ескере отырып, зейнетақының жалпы мөлшері:

– зейнетақының ең төменгі мөлшері – 95 131 теңге;

– зейнетақының ең жоғары мөлшері – 213 046 теңге;

Жәрдемақы өседі

Бала туған аналарға бір реттік мемлекеттік жәрдемақы беріледі:

– 1-3 баланың тууына бір реттік төлем 38 АЕК – 149 416 теңге;

– 4 және одан да көп балаға 63 АЕК – 247 716 теңге.

Ал бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын жәрдемақы беріледі.

Жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджеттен мынадай жәрдемақы беріледі:

– бірінші балаға – 5,76 АЕК, ол 22 648,32 теңге;

– екінші балаға – 6,81 АЕК, ол 26 776,92 теңге;

– үшінші балаға – 7,85 АЕК, яғни 30 866,2 теңге;

– 4 және одан да көп балаға – 8,90 АЕК, яғни 34 994,8 теңге.

Айыппұлдар өседі

Елімізде 2025 жылы 1 қаңтардан бастап 1 АЕК 3 932 теңге болады. Яғни бұл АЕК-пен есептелетін кез келген төлем, оның ішінде айыппұл, әлеуметтік төлемдер және т.б. көлемі де артады дегенді білдіреді.

– Рәміздерімізді қорласаңыз 11 796 000теңге,

– кіреберісте не пәтеріңіздің есігінің алдына қоқыс салынған дорбаңызды қалдырсаңыз 78 640 теңге,

– кешкі сағат 10-нан кейін шулап, елдің тыныштығын алсаңыз 19 660 теңге,

– қоғамдық орында түкірсеңіз 19 660 теңге,

– көлікте отырып телефон пайдаланып не белбеу тақпасаңыз 19 660 теңге,

– құжатсыз көлік жүргізсеңіз 78 640 теңге,

– автобуста жолақы төлемесеңіз 7 864 теңге,

– кәмелетке толмаған балаңыз түнгі 10-нан кейін ойын-сауық мекемелерінде жүрсе, 11 796 теңге,

– жолды белгіленбеген жерден қиып өтсеңіз, 7 864 теңге,

– көлік жылдамдығын асырсаңыз, 19 660 теңгеден 117 960 теңгеге дейін,

– қоғамдық орында балағат сөз айтсаңыз, 78 640 теңге,

– мұғалімді не дәрігерді балағаттасаңыз, 39 320 теңге айыппұл арқалайсыз.

Оқушылар ІІІ тоқсанды бастайды

Оқушылардың қысқы каникулы 8 қаңтарда аяқталады. Сөйтіп 9 қаңтардан бастап балалар ІІІ тоқсанды бастайды.

Жалақы өседі

ЖОО оқытушылары мен ғылыми қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Еске сала кетсек, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 18%-ға, 2024 жылғы қаңтардан бастап – 18%-ға, 2025 жылғы қаңтардан бастап – 17%-ға ұлғайтылады.

 

Tags: 2025
Алдыңғы пост

4 адам отырған көлік өзенге құлап кетті

Келесі пост

Уақыт белдеуі: Қазақстан сағатты Қытайға қарап ауыстырды ма?

Келесі пост
Уақыт белдеуі: Қазақстан сағатты Қытайға қарап ауыстырды ма?

Уақыт белдеуі: Қазақстан сағатты Қытайға қарап ауыстырды ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

  • Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты
  • Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды
  • Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды
  • БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды
  • Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Соңғы пікірлер

  1. Гульшат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  2. Мұрат к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  3. талгат Елемесов к «1 миллион теңге негізсіз төленген» — Қызылорда облысында білім саласындағы заңсыздықтар
  4. Ардақ к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
  5. Рамиля к «Асар Баспана» жаңа қаржылық пирамида ма?
KazToday

kaztoday.kz — мәтін түрінде, бейнекөрініс және сурет арқылы ақпарат тарататын тәуелсіз желілік басылым.
Сайт 2024 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде №KZ13VPY00107562 куәлігімен тіркелген.
Бас редактор:
Материалды көшіріп басу кезінде kaztoday.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсету міндетті.

Яндекс.Метрика

Соңғы жаңалықтар

Шерзат ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты

Әкімдер әскери басшыға айнала ма?: Президенттің жабық жарлығы дайындалды

Сенатор балалар әдебиетінің жетіспеушілігін сынға алды

БҚО-да бір отбасының бес баласы қаза болды

Алматыда жаңа туған сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ әшкереленді

Жетісу облысында жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады: науқас көз жұмды

Айдарлар

Рубрики

Welcome Back!

Төмендегі аккаунтқа өту

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Retrieve your password

Please enter your username or email address to reset your password.

Кіру
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Әлем
  • Бизнес
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Саясат
  • Экономика

© 2024 KazToday - ақпараттық агенттігі