Қызылорда-Павлодар тас жолында екі көлік бетпе-бет соқтығысқан, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Көліктердің соққысының күшті болғаны сонша, көліктердің бірі жолдан шығып, жыраға құлап кеткен. Үш адам оқиға орнында мерт болған.
«Екі көліктің соқтығысқанын және үш адамның көз жұмғанын растаймыз. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында апаттың мән-жайы мен себебін анықтау үшін жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», — деп мәлімдеді Ұлытау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.