Ақтөбедегі Мәскеу ауданындағы 1905 жыл көшесінде ер адам тұрғындардың үйіне басып кіріп, кепілген алған, деп хабарлайды kaztoday.kz.
Әлеуметтік желіде таралған видеода оқиға жеке тұрғын үйде болып жатқаны белгілі болған.
Куәгерлердің айтуынша, үйге қаскүнем кіріп кеткен, бірақ оны қазір кепілде отырған үй иелері ұстап алған. Оқиға орнына барлық жедел әрекет ету күштері жіберілді: полиция, өрт сөндірушілер және дәрігерлер. Үйге жақын аймақты құқық қорғау органдары қоршауға алды, деген видео авторы.
Ақтөбе полициясы арнайы операция ұйымдастырып, өз үйінде кепілген алынған қыз мен оның ата-анасын босатып алған. Бұл жөнінде Ақтөбе облысының полиция департаментінің басшысы Абай Жүсіпов хабарлаған.
Кепілге алынған әйелді босату операциясы сәтті өтті. Күдікті ұсталды. Жәбірленуші қыз және оның ата-анасы медициналық мекемеге жеткізілді, дейді Жүсіпов.
Желіде тараған бейнежазбаларда кепілге алынған үйдің маңында Ақтөбе прокуратурасы мен полициясының басшылары, жедел жәрдем, өрт сөндіру көлігі мен жылжымалы криминалистік зертхана да барғаны белгілі болған. Сондай-ақ арнайы жасақтың қаскөйді ұстап, полиция көлігіне апара жатқан сәті де желіде жария болды.
Телеарнаның ақпаратына сәйкес, зардап қыздың 75 жастағы әкесі және 67 жастағы анасы қаза тапқан. Олардың біреуі ауруханаға барар жолда, біреуі ота жасау кезінде қайтыс болған. Ал зардап шеккен қыздың жағдайы тұрақты ауыр.